Тергеу

Шымкентте еңбек комитеті басқарған шенеунік тергеліп жатыр – ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Шымкент қаласы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаменті басшысының тергеліп жатқанын растады, деп хабарлайды Tizgin.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

БАҚ-ТА ТАРАЛҒАН МӘЛІМЕТ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Шымкент қаласы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің басшысы Руслан Тұңғышбаевқа қатысты тергеу амалдары жүріп жатқаны туралы мәліметтер журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасында арнасында жарияланған болатын.

Сол кезде жергілікті ҰҚК департаментінің қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында шенеуніктің жұмыс орнында тінту жүргізгені хабарланған еді. Сондай-ақ тергеу өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша оң қорытынды алу үшін лауазымды тұлғаға ақшалай қаражат беру мүмкіндігін тексеріп жатқаны атап өтілді.

ҰҚК ЖАУАБЫ

Tengrinews.kz редакциясы ҰҚК баспасөз қызметіне хабарласып, аталған шенеунікке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқаны туралы ақпаратты растатты. Сонымен қатар ведомство өзге де қосымша мәліметтерді ашудан бас тартты.

Айта кетейік, Руслан Тұңғышбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппарат басшысының бұйрығымен 2023 жылдың қазан айында Шымкент қаласы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің басшысы болып тағайындалған.

Back to top button