Президент жолдауы реформаларды іске асырудың нақты мерзімін айқындайды
Қазақстан Президентінің Жолдауы мемлекеттік реформаларды іске асырудың нақты бағдарын айқындайды. Олардың тиімділігін қамтамасыз етудің маңызды шарты – алға қойған міндетті орындап, мемлекеттік институттардың жұмысының нәтижесін бағалау. Салыстырмалы саяси зерттеу бөлімінің қызметкері Шынар Топаева осылай деп мәлімдеді, деп жазады Tizgin.kz.
Оның айтуынша, нақты мерзімнің белгіленуі бастамалардың іске асырылу барысын бақылауға, қол жеткізген нәтижелерді бағалап, қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін талдауға мүмкіндік бермек.
«Нақты мерзімдер жолдауды іске асырудың нәтижесін көріп, бағалап, талдауға мүмкіндік береді», – деп толықтырды сөзін Шынар Топаева.
Сондай-ақ ол жаңа мемлекеттік басқару моделінде үкіметтің жұмысы мен мемлекеттік институттардың қызметіне ерекше назар аудару қажеттігін айтты.
Президент Жолдауы
Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен айда «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған еді. Мемлекет басшысы сол Жолдауда Тәуелсіздігіміз бен егемендігімізді қорғауға қатысты барлық мәселе әлі толықтай шешімін таппағанын, бұл – алдымызда көптеген өзекті міндет тұр деген сөз екенін айтқан еді.
Жолдаудың толық мәтінін осы сілтемеден оқуға болады.