Жаңалықтар

Ақтөбе облысында жол қызметкері жараланған аққуды құтқарды

Ақтөбе облысында «ҚазАвтоЖол» қызметкері тасжол бойынан қанаты жараланған аққуды тауып, құтқарып қалған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Оқиға «Ақтөбе-Мақат» тасжолының Қандыағаш бағытындағы бөлігінде болған. «ҚазАвтоЖолдың» Ақтөбе облыстық филиалының маманы жол бойында жүрген аққуды байқап, оның жағдайын тексерген. Құстың бір қанаты зақымданғаны анықталған.

Жол қызметкері жаралы аққуды жолдан қауіпсіз жерге апарып, көмек көрсеткен.

Компания мәліметінше, қазір құс ем қабылдап жатыр.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button