Жаңалықтар

«Самұрық-Қазынаның» тағы бір қызметкері ұсталды

«Самұрық-Қазына» қоры тағы бір қызметкерінің ұсталғанын растады. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ұсталған азамат қордың сатып алу әдіснамасы, бақылау және мониторинг департаментінің директоры қызметін атқарған. Дегенмен ресми мәлімдемеде оның ұсталуы қазіргі қызметіне байланысты емес екені айтылады.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеуге қатысты өзге дерек жариялаған жоқ.

Әзірге бұл істің бұған дейін ұсталған «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» компаниясының басшысы Елжас Отыншиевке қатысты тергеумен байланысы бар-жоғы белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 12 қарашада сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Елжас Отыншиев ұсталды.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button