TOP-2Тергеу

Қызылордада жасөспірім қыз өгей әкесінің ағасы зорлап келді деп айыптады

Қармақшыда жасөспірім қыз өгей әкесінің ағасы бірнеше мәрте төсек қатынасына тартты деп айыптап отыр. Қазір полиция осы істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

Қызға дәрі беріп жүрген

Жеткіншектің айтуынша, ер адам мұндай қылығын төрт жыл көлемінде жалғастырып келеді. Азғындық әрекетін алғаш рет өз көлігінде жүзеге асырған көрінеді. Кейін бұнысын Қармақшы ауданындағы үйінде тағы екі рет қайталанған. Қыздың сөзінше, ер адам оған белгісіз дәрі беріп, ұйқыға кетуін күткен.

“Қышқыл бір дәрі. Түбінде болатын, дұрыс араластырмаған. Басым қысып ауырды. Содан төсегіме жаттым да, ұйықтап қалдым. Қасымда жатыр екен. Үсітнде майка мен іш киім ғана болды. Азанда оянғанда астымнан қан ағып, жыныс мүшем қатты ауырды. Ол жайлы да ешкімге айтпадым”, – дейді жәбірленуші.

Бейімдеу орталығында тұрып жатыр

Мұны естіген бойда қыздың жақындары полицияға жүгінген. Дегенмен істің жалғасып, тергелуіне қыздың анасы қарсы болған.

“Бәрін өтірік деп айтшы деп мені 2-3 рет көндірген. Қызымсың ғой, бәрібір саған ешкім сенбейді. Осы жерден қоя салайық та” деген сөздерді айтты”, – дейді қыз.

9-сынып оқушысы екі айдан бері жасөспірімдерді бейімдеу орталығында тұрып жатыр. Ал немересінің жағдайына алаңдаған нағашы атасы қылмыстық істің әділ жүргізілсе дейді.

“Шешесі кінәлі біріншіден. Менің білетінім сол. Еркектің аты еркек бетімен жүрген. Барып қонды үйіне. Не болды сонымен? Талабымыз сол, әділ жазасын берсін. Халық алдында қолымен істегенін мойынымен көтерсін”, – деді қыздың жақыны Төйлепберген Нұрмағанбетов.

Полиция не дейді

Полиция бұл жағдайға қатысты “Зорлау” бабымен тергеу жүргізіліп жатқанын алға тартты.

Қызылорда облыстық Полиция департаменті басшысының орынбасары Нұрсұлтан Әлтайдың айтуынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Арызданушы осы оқиғаның 2024 жылы болғанын айтқан. Қазір істің мән-жайы жан-жақты тексеріліп, сараптамалар тағайындалған.

Back to top button