Жаңалықтар

Алатауда жалған жұмыскер жалдап 6 млн теңге жымқырғандар сотталды

Алматы облысының Алатау қаласында жұмыссыз адамдарға заңсыз жалақы аударып, бюджет қаржысын жымқырған төрт адам сотталды. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы хабарлады, деп жазады Tizgin.kz.

Бюджеттен 6 млн теңге заңсыз төленген

Алатау қаласының прокуратурасы қалалық Мансап орталығына жүргізген тексеру барысында бюджет қаражатын жымқыру деректерін анықтады. Тексеру нәтижесінде 2025-2026 жылдары мансап орталығының екі қызметкері іс жүзінде жұмыс істемеген адамдарға мемлекет есебінен жалақы төлеуді ұйымдастырғаны белгілі болды.

Аталған азаматтар екі жеке кәсіпкердің қарамағында жұмыс істейді деп көрсетілгенімен, шын мәнінде еңбек етпеген. Осы әрекеттердің салдарынан мемлекетке 6 млн теңге шығын келген.

Сот төрт адамды кінәлі деп таныды

Прокуратура материалдарының негізінде Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Сот үкімімен төрт адам кінәлі деп танылып, оларға әртүрлі жаза тағайындалды.

Олардың екеуі мемлекеттік қызметте, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Прокуратураның мәліметінше, мемлекетке келтірілген 6 млн теңге шығын толық өтелген.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button