ШҚО-да жаңа туған нәресте тікұшақпен облыс орталығына жеткізілді
Шығыс Қазақстан облысында жаңа туған нәрестені облыс орталығына шұғыл жеткізу үшін санитариялық авиация жұмылдырылды. Сәби Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағымен Өскемен қаласына жеткізілді. Бұл туралы Tizgin.kz порталы ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап хабарлайды
Нәрестенің жағдайын дәрігерлер бақылаған
Министрліктің мәліметінше, медициналық авиация рейсі аясында ТЖМ тікұшағы Өскеменнен Риддер қаласына ұшып барған. Тікұшақ ұшқыштары Сергей Пинигин, Замира Мұхамедьярова және Айдар Мамырханов жаңа туған нәрестенің шұғыл тасымалдануын қамтамасыз етті. Ұшу барысында дәрігерлер Ботагөз Акашева мен Антон Волков сәбидің жағдайын бақылаған. Нәресте облыс орталығына аман-есен жеткізілді.
ТЖМ тікұшақтары шұғыл көмек көрсетуге дайын
Министрлік жерүсті көлігімен тасымалдау көп уақытты қажет ететін шалғай ауылдар мен елді мекендердің тұрғындарына шұғыл көмек көрсету үшін ТЖМ тікұшақтары үнемі дайын тұратынын атап өтті.