TOP-2ГеосаясатЖаңалықтар

“Путинді досым” деу “Гитлерді досым” деумен бірдей – Зеленский Трампты сынға алды

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресей басшысы Владимир Путинмен достығы туралы пікір білдірді. Бұл туралы ол BBC-ге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Зеленский Трамптың мәлімдемесіне қалай жауап берді

BBC журналисі Сара Рейнсфорд Зеленскийден Трамптың Қытайдағы кездесуде Путинді құшақтап, оны досы деп атағанына қатысты пікірін сұрады.

Украина президенті Ресейдің Украинаға қарсы соғыс жүргізіп жатқанын және Путиннің адам өліміне жауапты екенін алға тартып, Трамптың бұл әрекетін түсіне алмайтынын айтты.

«Әрине, бұл –  Трамптың шешімі. Бірақ бұл маған оғаш көрінеді. Ол (Путин – ред.) агрессор әрі адам өліміне қатысы бар тұлға. Ол дос бола алмайды. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде біреудің Гитлерді жақсы досым деп атауымен тең», – деді Зеленский.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button