Жаңалықтар

«-20 градус аяз, көктайғақ»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер мәліметінше, алдағы демалыс күндері республика аумағында күн едәуір суытады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қалың қар жауады

«Қазгидромет» РМК 28, 29 және 30 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Соған сәйкес елдің бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады.

Айталық, 30 қараша күні елдің шығысында қалың қар, ал оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр күтіледі.

Түнде күрт суытады

Ауа температурасы біртіндеп суытатын көрінеді. 30 қарашаға қарай түнде елдің батысында -5–12°С, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында -10–18°С, шығысында -7–12°С-қа дейін төмендейді.

Республиканың қалған аумағында ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді.

Back to top button