Жаңалықтар

Respublika өңірлік штабтардағы үгіт-насихат жұмыстарының қорытындысын шығарды

26 қарашада Respublica партиясының өңірлік филиалдарында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы алдындағы үгіт-насихат науқанының аяқталуына арналған сайлау штабтарының қорытынды отырыстары өтті, деп хабарлайды Respublica партиясының баспасөз қызметі.

Отырыстар барысында өңірлік командалар атқарылған жұмыстарды қорытындылап, сайлаушылармен өзара байланыс және алдағы дауыс беру күніне ұйымдастырушылық дайындық мәселелерін талқылады. Үгіт-насихат кезеңінде партия кандидаттары мен белсенділері еңбек ұжымдарымен, кәсіпкерлермен, жастармен және қоғам өкілдерімен кездесулер өткізді. Respublica партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіруге, өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылауға және азаматтармен тікелей диалог орнатуға ерекше көңіл бөлінді.

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына Respublica партиясы Қазақстанның барлық 20 өңірінде қатысуда. Партия атынан барлығы 326 кандидат тіркелген. Оның 129-ы партиялық тізім бойынша, 197-сі бірмандаттық сайлау округтері бойынша ұсынылған. Өңірлік штабтар сайлау науқанын ұйымдастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өткен жөн. Олар кандидаттардың халықпен тікелей байланысын қамтамасыз етіп, жергілікті жерлердегі жұмыстарды үйлестіреді.

Өңірлік отырыстардың қорытындысы бойынша негізгі назар дауыс беру күніне ұйымдастырушылық дайындыққа және сайлау заңнамасының талаптарын сақтауға аударылды.

Үгіт-насихат науқанының қорытынды кезеңі ретінде 27 қарашада «Өңірлермен тікелей диалог» атты жалпыпартиялық онлайн-кездесу өтеді. Оған партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров, Орталық кеңес мүшелері және өңірлік филиалдардың басшылары қатысады. Кездесу барысында Respublica партиясының ел көлемінде жүргізген үгіт-насихат науқанының жалпы қорытындысы шығарылады.

Back to top button