Жаңалықтар

Қазақстан азаматтығын алу: тестілеу мерзімі мен құны белгілі болды

27 қараша мен 7 желтоқсан аралығында Қазақстан азаматтығын алуға үміткерлер үшін тестілеуге қатысуға өтініш қабылданады. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Үміткерлер app.testcenter.kz сайты немесе UTO мобильді қосымшасы арқылы өтініш бере алады.

Тестілеу қалай өтеді

8 желтоқсанда өтетін тестілеу үш блоктан тұрады:

  • Қазақ тілі – 30 тапсырма, шекті балл – 15;

  • Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері (қазақ немесе орыс тілінде) – 40 тапсырма, шекті балл – 20;

  • Қазақстан тарихы (қазақ немесе орыс тілінде) – 30 тапсырма, шекті балл – 15.

Тестілеуден жинауға болатын ең жоғары балл – 100. Емтиханнан өту үшін кемінде 50 балл жинау қажет.

Тапсырмаларды орындауға 2 сағат 10 минут беріледі. Мүгедектігі бар адамдарға қосымша 30 минут қарастырылған.

Тестілеуге қатысу құны қанша

Тестілеуге қатысу құны – 14 693 теңге.

Емтихан алдында өз білімін тексергісі келетіндер үшін Ұлттық тестілеу орталығы ақылы байқау тестілеуін ұсынады. Оның құны – 3 355 теңге.

Байқау тестілеуінен app.testcenter.kz сайтының «Байқау тестілеуі» бөлімінде өтуге болады.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button