Жаңалықтар

Екібастұзда ер адамды тоқ соғып, көз жұмды

Екібастұз ГРЭС-1 аумағында электр тогы соғуынан 42 жастағы ер адам көз жұмды. Алайда марқұм электр станциясы қызметкері болмаған, деп хабарлайды Tizgin.kz Irbistv.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға қалай болды

Ресми ақпаратпен Павлодар облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті өкілдері  бөлісті. Ведомство мәліметінше, оқиға 19 қараша күні Екібастұз ГРЭС-1 аумағында болды. Ер адам тоққа түсіп, алған жарақатынан ажал құшқан.

Департамент өкілдері марқұм электр станциясында жұмыс істемеген деп нақтылады.

Тергеу жүргізіліп жатыр

Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы тергеу басталды. Мамандар ер адамның қандай жағдайда тоққа түскенін, сондай-ақ қайғылы оқиға себептері мен оған әкелген жағдайларды анықтауы тиіс.

Тергеу қорытындысында оқиғаның нақты мән-жайы белгілі болады.

Back to top button