Жаңалықтар

Шымкентте ер адам танысудан бас тартқан қызға стақан лақтырған

Шымкентте ер адам танысудан бас тартқан бойжеткеннің басына стақан лақтырған. Жарақат алған қыз ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Оқиға реті

Жәбірленушінің құрбысының айтуынша, оқиға Шымкенттегі дәмханалардың бірінде болған. Екі қыз түскі ас ішіп отырған кезде көрші үстелге бір топ ер адам жайғасқан.

Ер адамдар қыздармен таныспақ болған, алайды қыздар олардың ұсынысынан бас тартты. Осыдан кейін ер адамдардың бірі бойжеткенге стақан лақтырған.

Бойжеткен ауруханаға жеткізілді

Оқиға салдарынан қыздың ерні мен қолы жарақаттанған. Оны жарақатына тігіс салу үшін ауруханаға жеткізды.

Ал ер адам полиция қызметкерлерінің келуін күтпестен, дәмханадан кетіп қалған.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button