TOP-2Тергеу

Жезқазғандық “авторитетті” өлтірді деген күдікті 20 жылдан кейін Түркияда ұсталды

Түркияның Ыстанбұл қаласында Жезқазғанда 20 жыл бұрын болған кісі өлтіру ісіне қатысы бар деген күдікпен 50 жастағы Витта Махмаханов ұсталды. Оған Ресейдің құқық қорғау органдары халықаралық іздеу жариялаған, деп хабарлайды Tizgin.kz Түркияның Habertürk басылымына сілтеме жасап.

Түрік басылымының мәліметінше, Махмахановтың есімі 2006 жылдың қарашасында Жезқазғанда қылмыс әлемінің беделді өкілі Сағит Шақпұтовтың өлтірілуіне қатысты істе аталады.

Түркияның құқық қорғау органдары халықаралық іздеуде жүрген ер адамды Ыстанбұлдың Бакыркөй ауданындағы үйлердің бірінен тапқан. Қазір ұсталған азаматқа қатысты процессуалдық әрекеттер жүргізіліп жатыр.

Махмаханов бұған дейін де ұсталған

Витта Махмаханов 2007 жылы да Сағит Шақпұтовтың өліміне қатысты іс бойынша ұсталған. Алайда кейін оған қатысты күдік алынып тасталған.

Арада жылдар өткен соң Ресейдің құқық қорғау органдары Махмахановқа неліктен қайтадан халықаралық іздеу жариялағаны және оған қандай негіз болғаны әзірге белгісіз. Оның қай елге экстрадициялануы мүмкін екені туралы да ақпарат жоқ.

Back to top button