Тергеу

БҚО-да 150-ге тарта жылқы ұрлаған күдіктілер қамалды

Ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен төрт адамнан тұратын қылмыстық топ қолға түсті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қылмыстық топ ұсталды

Polisia.kz мәліметінше, 20-22 қараша аралығында облыс аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Соның аясында Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері Бөкей ордасы ауданының тәртіп сақшыларымен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

Нәтижесінде мал ұрлығының алты дерегіне қатысы бар деген күдікке ілінген қылмыстық топ ұсталды. Төрт адамнан тұрады. Сот санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.

Қазір полиция қызметкерлері күдіктілердің жалпы құны 86 млн теңгеден асатын 148 жылқыны ұрлау дерегіне қатысы бар екенін анықтады, – делінген ақпаратта.

Тергеу жалғасып жатыр

Аталған қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мал ұрлағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, – делінген ақпаратта.

Back to top button