TOP-2Жаңалықтар

Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды

Руслан Желдібай Қазақстан Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бұған дейін мемлекет басшысының көмекшісі – баспасөз хатшысы қызметін атқарған.

Руслан Желдібай 37 жаста, Жамбыл облысының тумасы.

Еңбек жолын «Қазақстан» телеарнасында бастап, кейін «Алматы» телеарнасында жұмыс істеген. Одан соң мемлекеттік ақпараттық саясат саласында және Президент әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған.

2022 жылдан бері бірнеше рет Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы болып тағайындалып, сондай-ақ көмекші және кеңесші қызметтерін атқарған.

2025 жылдан бастап Халықаралық дзюдо федерациясы комиссиясының директоры болып тіркелсе, 2026 жылы конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрамына енді.

Back to top button