Жаңалықтар
Атырауда музей мен кітапхананы біріктіретін ғимарат салынып жатыр
Атыраудың қақ ортасында аумағы 17 мың шаршы метр болатын Бейбітшілік және келісім сарайы салынып жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.
2024 жылы құрылысы басталған кешенде музей, кітапхана, коворкинг, конференц-залдар және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы орналасады. Ғимараттың кіреберісі де ерекше болмақ. Төрт қабат биіктіктегі кеңістікті бейбітшіліктің символы – қалықтаған көгершіндер бейнесі безендіреді.
Қазір кешенде құрылыс жұмыстары жалғасуда. Алда ішкі жабдықтау мен абаттандыру жұмыстары бар.