Оқиға

Қызылордада қыздарға араша түскен жігіт пышақ жарақатын алды

Қызылордада жанжал кезінде екі қызды қорғаймын деген жас жігіт пышақ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Оқиға 20 қараша күні кешке «Құлагер» шағынауданында болған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Жігіттің жағдайы қалай

Оқиға куәгерлері1984 жылы туған ер адам кешкі уақытта ойын-сауық орындарының бірінен мас күйде шығып, екі қызға тиісіп, мазасын алғанын айтты. Сол Нұралла есімді жас жігіт араша түскен. Дегенмен арадағы сөз таласы жанжалға ұласып, ер адам жігітке пышақ сұққан деген ақпарат бар.

Салдарынан Нұралла жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Қазір оның жағдайы тұрақталып, есін жиғаны хабарланды.

Тұрғындар не дейді

Оқиғадан соң Шұғыла шағынауданы тұрғындары ер адамның бұған дейін де көшедегі адамдарға тиісіп, айналасындағылармен бірнеше рет жанжалдасқанын айтқан.

Қазіргі болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Полицияның әзірге ресми түсініктем бермеді.

Back to top button