Жаңалықтар
SCAT компаниясы билеттерге 20%-ға дейін жеңілдік жариялады
SCAT әуе компаниясы SCAT Friday атты үш күндік жеңілдік науқанын өткізеді. Жолаушылар халықаралық рейстерге әуе билеттерін 20%, ал Қазақстан ішіндегі рейстерге 10% жеңілдікпен сатып ала алады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Жеңілдік мерзімі
Науқан 27 қарашада басталып, 29 қарашаны қоса алғанға дейін жалғасады. Жеңілдікпен сатып алынған билеттер бойынша ұшу күнін 2026 жылғы 1 желтоқсан мен 2027 жылғы 27 наурыз аралығынан таңдауға болады.
Науқанға қатысу үшін билет сатып алу кезінде SCATFRIDAY промокодын енгізу қажет.
-
20% – халықаралық рейстерге;
-
10% – Қазақстан ішіндегі рейстерге.
Жеңілдік науқаны SCAT әуе компаниясының тек тұрақты рейстеріне қолданылады.