Жаңалықтар

Алматыда қатарласын қорлап, видеосын TikTok-қа жүктеген қыздардың үстінен іс қозғалды

Әлеуметтік желіде бірнеше қыздың қатарласын аяусыз соққыға жыққан видеосы бірнеше күн бұрын тараған. Ең сорақысы, видеоны солардың бірі өзі желіге жүктеген, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Кадрларда жәбірленушіні шашынан сүйреп, жерге құлатып, соққыға жыққаны көрінеді. Ал видеоны өздері TikTok-қа жариялаған. Полиция қылмыстық іс қозғап, жанжалға қатысқан барлық күдіктінің жеке басын анықтады.

Еске салайық, сәуірде Қаскелеңде болған осындай оқиға бойынша тергеу аяқталып, күдіктілер жақын арада сот алдында жауап береді.

Back to top button