TOP-2Оқиға

ҰҚК есірткі қылмысына қарсы халықаралық операция жүргізді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттің құзыретті органдарымен бірге халықаралық есірткіге қарсы операцияны жүргізді, деп хабарлайды құзырлы орган.

Соның нәтижесінде Алматы қаласында 8 келі синтетикалық «метамфетамин» затын алу кезінде Қазақстан азаматы ұсталды.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Сот санкциясымен ұсталған адам қамауға алынды.

Back to top button