ЖаңалықтарТергеу

Шығыс Қазақстанда жол жөндеу кезінде адамның сүйектері табылды

Шығыс Қазақстан облысында жол жөндеу жұмыстары кезінде адамның қаңқа сүйектері табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, сүйек қалдықтары ер адамға тиесілі, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Оқиға Өскемен – Риддер тасжолының Радуга елді мекені маңындағы учаскесінде болған. Адам сүйегінің табылғаны туралы алғашқы ақпаратты osa_news_vko Instagram парақшасы жариялап, оқиға орнынан түсірілген фотосуреттерді бөлісті.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады.

«Қазіргі уақытта жеке басы анықталмаған адамның кім екенін және өлімінің себебін анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді полиция.

Полиция әлеуметтік желіде тараған марқұмның қол-аяғы байланған деген ақпаратты жоққа шығарды.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button