
Серік Ибрагимов өзі проюсерлік еткен “Заман back 2” фильмі 2 млрд теңге ақша жинағанын сүйіншіледі. Оған дейін елдегі бірде-бір фильм мұндай қаражат жинамаған, деп хабарлайды Tizgin.kz.
“Құрметті көрермен! Бұл сөзді бірінші болып айту бізге бұйырған екен.
2 000 000 000 теңге құтты болсын! Алғысымыз шексіз! Бәрі сіздердің арқаларыңыз!” – деп жазды Серік Ибрагимов.
Фильм сюжеті бойынша, Азат есімді кейіпкер махаббатты әлсіздік деп санап, отбасын үнемі екінші орынға қойып жүреді. Алайда бір күні ол жұмбақ жағдайда қазіргі уақыттан 1992 жылға тап болады. Сол жерде әкесінің жас кезімен кездесіп, оның өзі дүниеге келмей тұрғандағы өмірінен алғаш рет хабардар болады. Әкесінің және оның жақын досы Бекінің өткенін зерттей жүріп, Азат өзіне махаббат, отбасы мен достық туралы көзқарасын қайта қарауға мәжбүр ететін оқиғалардың ортасында қалады.