ГеосаясатЖаңалықтар

Путин Қырым көпірі деген құритынын түсінуі керек – Зеленский

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путин Қырым көпірінің сақталмайтынын түсінуі керек екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей иемденген Қырымға апаратын көпір Украина үшін заңды әскери объект саналады. Бұл туралы Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап Tizgin.kz хабарлады.

20 қарашада америкалық NBC News телеарнасына берген сұхбатында Зеленский Керчь бұғазы арқылы өтетін Қырым көпіріне қатысты сұраққа жауап берді.

«Путин бұл көпірдің сақталмайтынын түсінуі керек. 2014 жылы олар біздің жерді басып алып, көпір салып, оны Ресейдің бір бөлігі деп жариялады», – деді ол.

Украина президенті Ресейдің иемденген аумақтарды өзіне қосу үшін конституциясы мен заңнамасына өзгерістер енгізгенін де еске салды. Оның айтуынша, бұл әрекет халықаралық деңгейде мойындалмаған. Зеленский Қырымды дипломатиялық немесе әскери жолмен қайтаруға ұмтылатынын жеткізді.

«Олар бізге шабуыл жасады. Сол себептен біз жауап беруге мәжбүр болдық. Сондықтан Қырым көпіріне соққы жасадық. Біз қандай жағдайда да, дипломатиялық немесе әскери жолмен болсын, Путин мен Ресейдің аумағымызды басып алуына көнбейміз», – деді ол.

Сонымен қатар Зеленский Ресей Қырым көпірін түбекке қару-жарақ тасымалдау үшін пайдаланып отырғанын мәлімдеді.

Қырым көпірін қалпына келтіруге қанша уақыт қажет?

16 қарашада Қырымдағы көпірге шабуылдың астында қалып, көлік қозғалысы шектелді. Келесі күні қайта соққыдан көпірдің бір аркасы мен автомобиль жолының бір бөлігі теңізге құлаған. Ал 19 қарашаға қараған түні көпірдің теміржол бөлігі зақымданды.

20 қарашада Ресей премьер-министрінің орынбасары Марат Хуснуллин көпірді толық қалпына келтіруге қанша уақыт кететіні белгісіз екенін айтты. Ал Киевтегі Ұлттық көлік университетінің доценті Андрей Корецкий көпірді жөндеуге шамамен 1,5-3 жыл қажет деп есептейді.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button