Жаңалықтар

Павлодарда жолдағы алты камераны бүлдірген ер адам ұсталды

Павлодар облысында жол ережесін бұзғандарды тіркейтін алты камераны әдейі сындырған ер адам ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Оқиға Омбы-Майқапшағай тасжолында болған. Мотоцикл мінген ер адам жол үстіндегі алты камераны зақымдаған. Құрылғылардың сырты бүлінгенімен, камералар бейнежазбаны тоқтатпаған. Ал ер адамның әрекеті басқа камераға түсіп қалған.

Полиция қызметкерлері күдіктінің кім екенін жедел анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып, шығын көлемі анықталып жатыр.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button