БілімЖаңалықтар

Қазақстандық оқушы әлемдегі үздік жас бағдарламашылар қатарына енді

Ташкентте тәмамдалған Информатикадан халықаралық IOI 2026 олимпиадасында Қазақстан құрамасының төрт мүшесі де жүлде иеленді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Білім бәсекесіне 92 елден 375 оқушы қатысты. Оқу-ағарту министрлігі ақпаратынша, ұлттық құрама 1 алтын және 3 күміс медаль жеңіп алып, әлемдік командалық есепте 10-орынға ие болды.

Бұл – Қазақстан құрамасының олимпиада тарихындағы үздік нәтижелерінің бірі. Астанадағы «Spectrum» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы Максим Цой алтын медаль жеңіп алып, әлемдік жеке есепте 5-орын иеленді, – делінген мәліметте.

Осылайша ол әлемдегі үздік бес жас бағдарламашының қатарына енді. Күміс медаль иегерлері:

  • Алдияр Сейтбай – Астана қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
  • Мансур Мамадахунов – Қызылорда облысындағы дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
  • Асқар Әкежан – Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы.
  • Қазақстан құрама жетекшілері: Сатылханов Темірлан – Astana IT University бас жаттықтырушысы;
  • Қуанышбай Айбар – International University of Information Technology синьор-лекторы.

Былтыр қазақстандық оқушылар 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, әлемдік командалық есепте 14-орын иеленген болатын. Осы жылы ұлттық құрама өз нәтижесін төрт сатыға жақсартты. Қазақстандық оқушылар Информатикадан халықаралық олимпиадаға қатысқан жылдар ішінде барлығы 79 медаль жеңіп алды, – делінген ақпаратта.

Back to top button