Қазақстанда бірнеше қарызды бір өтінішпен реттеуге болады
Бірнеше банкке, микроқаржы ұйымы немесе коллекторлық агенттікке қарызы барлар берешегін бір платформа арқылы реттей алатын болды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Келіссөздерді жекелей жүргізбейді
Мұндай өзгерістерді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) ұсынды. Жаңа механизм екі немесе одан көп кредитор алдында мерзімі өтіп, қамтамасыз етілмеген тұтынушылық несиесі барларға арналған.
Олардың қатарында банктер, ломбардтарды қоспағандағы микроқаржы ұйымдары мен қарызды талап ету құқығын сатып алған коллекторлық агенттіктер бар.
Ұжымдық реттеу кезінде қарыз алушы әр ұйыммен жекелей келіссөз жүргізбейді. Оның барлық кредиторы берешекті реттеу процесіне бір уақытта қатысады.
Өтінішті бір платформа арқылы беруге болады
Өтінішті банктік және микроқаржылық омбудсмендер қызметтері жанындағы ұжымдық реттеу платформасы арқылы беру жоспарланып отыр.
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл функциялар қаржы омбудсменіне беріледі.
Процедураға қатысу үшін бірнеше талап қойылады:
- екі немесе одан да көп кредитор алдындағы қарыз бойынша мерзімі өткен төлем 90 күннен асуы керек;
- азамат соңғы 12 айда ұжымдық реттеу рәсімінен өтпеген болуы тиіс;
- өтініш бергенде оған қатысты төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімі басталмаған болуы қажет.
Сот шешімі кедергі болмайды
Сот шешімі, нотариустың атқарушылық жазбасы немесе атқарушылық іс жүргізу болса да, процедураға қатысуға кедергі болмайды.
Дегенмен мұндайда қарыз алушы атқарушылық әрекеттер мен жеке сот орындаушысы қызметіне байланысты шығындарды өтеуі тиіс.
ҚНРДА мәліметінше, ұжымдық реттеу 2026 жылғы сәуірде бекітілген банк қарыздары мен микрокр