TOP-2Білім

Қаржы министрлігі 80 жекеменшік мектепті сотқа бергелі отыр

Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков ведомство жекеменшік 80 мектепті сотқа бергелі отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Оның айтуынша, сотқа беруге бөлінген қаражаттың негізсіз жұмсалуы себеп болған.

«Бұл 80 мектепке қатысты мемлекеттік аудит қорытындысы негізінде сотқа жүгінеміз. Біздің мақсатымыз – оларға бөлінген ақшаны қайтару. Яғни, мектепті жабу немесе лицензияны алу мақсатында жүгінбейміз. Осы мектептерге бөлінген қаражатты қайтару бойынша жұмысты жүргіземіз», – дейді Дәурен Темірбеков ОКҚ алаңында.

Айта кетейік, мұның алдында биыл елде 22 жекеменшік мектеп лицензиясынан айырылып, жұмысын тоқтатқанын хабарладық.

Back to top button