Без рубрики

«Қай беттеріңмен еркекпін деп жүрсіңдер»: Димаш әйелге қол көтеретіндерді қатаң сынады

Әнші Димаш Құдайберген әйелдерге еркектерді қатаң сынға алды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Әйелді сабап, соны мақтаныш көретіндер, қай беттеріңмен өздеріңді еркекпін деп жүрсіңдер?! Жұдырықтарың әйелге ғана жүретін болса, сендер еркек емес – малсыңдар болды. Әйелге әлімжеттік жасап абырой жинаймын деу — адамдықтың ең төменгі шегі!» – дейді Димаш Құдайберген.

Әншінің бұлай пікір жазуына Меркідегі оқиға себеп болуы мүмкін. Бірер күн бұрын ол ауданда Мадина Рашидқызы атты әйел көз жұмған еді. Тегеу нұсқасы бойынша, ол өз-өзіне қол салған. Оның құрбысы желіде бұл оқиғаға отбасылық жанжал себеп болуы мүмкін екенін жазған. Осы нұсқаны желілерде пікір жазушылар іліп әкетіп, істің әділ тергеуін талап етіп жатыр. Көп өтпей Жамбыл облысының полиция департаменті мәлімдеме жасады.

Back to top button