ЖаңалықтарЭкономика
Өткен жылы Қазақстанда 80 мыңға жуық шетелдік емделген
Отандық 10 медициналық ұйым халықаралық JCI аккредитациясына ие
Өткен жылы Қазақстан шамамен 80 мың шетелдік пациентті қабылдады. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Министрдің айтуынша, саланың өсуіне серпін беретін болашағы бар бағыттардың бірі – медициналық туризм.
«Қазақстанның басты артықшылығы – көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасы мен қолжетімді құнының үйлесуі. Өткен жылы Қазақстан шамамен 80 мың шетелдік пациентті қабылдады. Отандық 10 медициналық ұйым халықаралық JCI аккредитациясына ие», – дейді министр Ербол Мырзабосынов.
Оның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, 2026–2028 жылдарға арналған медициналық туризмді дамыту жөніндегі Жол картасы әзірленуде.