Педагог-тренер әрі білім беру саласының сарапшысы Ескендір Бестай мектептегі мұғалімдер мен ата-аналардың қарым-қатынасы жөнінде пікірін айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Сарапшы не дейді
Ескендір Бестайдың айтуынша, білім саласына қаншама қаражат жұмсалып, қаншама реформа жүргізілсе де, олардың бәрі бір адамдарға тіреліп, быт-шыт болуы мүмкін.
“Миллиардтаған ақша бөліп, қаншама заңдарды шығарып жатса да, егер ата-аналардың тарапынан немқұрайлылық болса, олардың бәрі еш жұмыс істемей қалады. Егер менен “білім беру саласының өзгеруіне кім кедергі?” деп сұраса, мен “ата-ана” немесе “ата-аналардың немқұрайлылығы” деп жауап берер едім. Мен мұны мектепте сабақ берген мұғалім емес, ата-ана ретінде айтып отыр деп қабылдаңыздар”, – дейді сарапшы.
Ескендір Бестайдың сөзінше, оқушының алдында бір мұғалім тұрса, оның білім қоры бар болса, ол бір сағат бойы оқушылардың тәлімді түсіндіруге тырысса, осының бәрін “ей, сенің мұғалімің не біледі” деген бір ғана сөз жойып жібере салуы мүмкін.
“Өкінішке қарай, жекеменшік немесе мемлекеттік мектепте болсын, қазір ата-аналар өздерін тапсырыс беруші, клиент ретінде сезінеді. Сөйтіп белгілі бір талаптарды үйрете бастайды, тіпті тәрбиені мұғалімге ысырады. Қазіргі мұғалімдерге ата-аналардың басындағы проблемалармен алысуға мәжбүр.
Осы жерде мұғалімнің өзін-өзі ұстауы өте маңызды. Жасына тәуелді емес, тіпті тәжірибесіне тәуелді емес мұғалімдер ата-аналарды белгілі бір деңгейде орнына қоя білуі керек деп ойлаймын. Мұғалім ата-анаға екеуінің мүддесі ортақ екенін жеткізе алса дейміз. Меніңше, ата-ана білім берудің тапсырыс берушісі болған жағдайда жүйе құлдырайды”, – дейді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram