TOP-2Спорт

Спорт министрлігі даудан кейін Шайдоровқа айлығын төлеп беретін болды

Келісімшарт Шайдоровтың командасына жолданды және оған қол қойылды

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Михаил Шайдоровқа қатысты ресми түрде түсініктеме берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Құрметті отандастар, қазақ спортының жанашырлары! Сіздерге Туризм және спорт министрлігі атынан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың мәселесіне байланысты ресми мәлімдеме жасағым келеді. Михаил Шайдоров – отандық спорттың мақтанышы, өз есімін ел спортының тарихына алтын әріптермен жазған саңлақ. Біз оны әрдайым қолдаймыз және халықаралық аренада табысты өнер көрсетіп, биік жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз», – дейді Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев.

Ол қоғамда кеңінен талқыланып жатқан келісімшарт мәселесіне тоқталды.

«Бүгінгі күні келісімшарт Шайдоровтың командасына жолданды және оған қол қойылды. Қол қою рәсімінің барлығы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес өтті. Тараптар ортақ мәмілеге келіп, келісімшарттың барлық тармағын жан-жақты талқылады. Құжатқа қол қойылғаннан кейін министрлік оны жұмыс тәртібімен қабылдады. Алдағы уақытта келісімшартта көзделген барлық қаржы толық көлемде төленеді.

Тағы бір айта кететін жайт, 5 маусымда Михаил Шайдоров жаңа маусымға дайындық үшін АҚШ-қа аттанады. Сондай-ақ бірер күннен соң Михаил Шайдоров өз командасымен бірге Туризм және спорт министрлігіне келеді. Кездесу барысында алдағы жоспарлар мен келесі Олимпиадаға дайындық мәселелерін талқылаймыз. Сонымен қатар елімізде мәнерлеп сырғанауды дамыту бағытындағы жұмыстар жөнінде де пікір алмасамыз», – дейді ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Back to top button