$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
TOP-1Жаңалықтар

ІІМ Каспийдегі трагедиядан соң Threads авторларына полиция қоңырау шалғанын жоққа шығарды

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға туралы әлеуметтік желіде жазған азаматтарға полиция қызметкерлері қоңырау шалды деген ақпаратты Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов жоққа шығарды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Әділовтен Каспийдегі трагедия туралы әлеуметтік желіде жазба жариялаған азаматтарға полиция атынан қоңырау шалынғаны жөніндегі ақпаратқа түсініктеме беру сұралды.

Вице-министр полиция қызметкерлері ешқандай қоңырау шалмағанын айтты.

«Полиция қызметкерлері ешқандай қоңырау шалған жоқ. Оның үстіне, ішкі істер органдарының қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарып, қоғамдық тәртіпті тиісті деңгейде қамтамасыз етті», – деді Әділов.

Каспийдегі трагедия

24 қыркүйек күні Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде тоғыз әскери қызметші қаза тапқаны белгілі болған еді. Кейін құрбан болғандар саны одан да көбейді. Осы оқиғадан кейін Мемлекет басшысының өкімімен 2026 жылғы 25 қыркүйек Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Аталған оқиға бойынша тергеу екі баппен жүргізіліп жатыр.

Бас прокуратура іс бойынша күдікті лауазымды адамдар анықталғанын хабарлады. 25 күні таңертең соңғы екі әскери қызметкердің денесі табылды.

Осы оқиғадан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі ахуалды кешенді тексеру жөніндегі комиссия құрды. 

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button