TOP-2Жаңалықтар

«Самұрық-Қазына» сайтындағы директор кеңесі айдары ашылмай қалды

«Самұрық-Қазына» қорының ресми сайтындағы директор кеңесі айдары ашылмай қалды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

“Сіз іздеген материал сілтемесі ескірген, не адресті теру кезінде қателестіңіз. Басты бетке қайтадан оралып, немесе іздеу жүйесін пайдалануыңызға болады”, – делінген айдарда 404 белгісі көрініп тұр.

Директорлар кеңесі – қордың акционеріне есеп беретін, қор қызметіне стратегиялық басшылық жасауды және қор басқармасының қызметін бақылауды қамтамасыз ететін басқару органы. Директорлар кеңесі қордың корпоративтік басқару кодексінің барлық ережелерінің іске асырылуын қамтамасыз етеді.

Нұрлан Жақыповтың ұсталуы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың ұсталғанын 2026 жылдың 12 қарашасында растаған еді. Сол күні Астанадағы «Атлант» тұрғын үй кешені маңынан АҚШ долларына ұқсас купюралар салынған шабадандар табылғаны туралы хабар тараған еді. Доллар шашылған видео бүкіл желіге тарап, үлкен резонанс туызған.

Нұрлан Жақыпов ұсталғаннан кейін «Самұрық-Қазына» қоры мәлімдеме жасап, құқық қорғау органдарына жан-жақты қолдау көрсетіп, тергеуге қажетті ақпарат пен құжаттарды ұсынатынын мәлімдеген. Ізінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басшыларының ұсталуына қатысты пікір білдірді. Президент бұл жағдайды мемлекеттік компаниялардағы сыбайлас жемқорлық мәселесінің күрделілігін көрсететін оқиға деп бағалады.

Back to top button