Тергеу

27 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер Ресейде ұсталды

Павлодарда 1999 жылы жасалған қарақшылық шабуылға байланысты 27 жыл бойы іздеуде жүрген адам Ресей астанасы Мәскеуде ұсталды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қылмыскер Мәскеуде қолға түсті

Павлодар облысы полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері Ресей ІІМ өкілдерімен бірлесіп, ұзақ жылдар бойы іздеуде жүрген адамды ұстады. Ол 1999 жылы Павлодар қаласында жасалған қарақшылық шабуыл үшін іздестірілген. Күдікті осы уақытқа дейін құқық қорғау органдарынан бой тасалап келген.

Полиция мәліметінше, оны ұстау екі елдің жедел қызметкерлері жүргізген арнайы іс-шаралар нәтижесінде мүмкін болған. 2026 жылдың алғашқы 10 айында өңірде барлығы 82 адам іздеуде болған. Оның 62-сіне биыл іздеу жарияланған. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 73 адамның жүрген жері анықталды. Олардың біреуі адам өлтіру, үшеуі қарақшылық шабуыл, тағы үшеуі тонау қылмысы бойынша іздестірілген.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button