TOP-2Жаңалықтар

Тоқаев ҰҚК төрағасын қызметінен босатты

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

Өмірбаяны

Ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік лауазымдағы қызметтерді атқарды (1994-2006 жж.)

ҚР Президенті Күзет қызметінің офицерлік және басшылық лауазымдарында қызмет атқарды (2006-2019 жж.)

Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы (2019-2021 жж.)

Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін атқарушы, бастығы (2021-2022 жж.)

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы (2022 жылғы қаңтардан бастап)

Білімі

Қазақ политехникалық институты (1989 ж)

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (2007 ж)

Марапаттары

ІІ дәрежелі “Даңқ” орденімен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен наградталған

ҚР МҚК Құрметті қызметкері

2020 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры атағы берілді

2022 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты атағы берілді

Back to top button