Жаңалықтар

СҚО-да мұз қата бастаған су айдынынан жаралы аққу құтқарылды

Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют қаласында тұрғындар судан өздігінен шыға алмай жатқан аққуды байқап, құтқарушылардан көмек сұраған, деп хабарлайды Tizgin.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

ТЖМ қызметкерлері жаралы құсты судан шығарып, Петропавлдағы ботаникалық баққа жеткізді.

Аққуды жергілікті тұрғындар байқаған

Министрліктің мәліметінше, күн суытып, қаладағы су айдындарының бірінде мұз қата бастаған. Бір қанаты сынған аққу әбден әлсіреп, жағаға жете алмаған. Тұрғындардың хабарынан кейін оқиға орнына жеткен құтқарушылар құсты судан алып шыққан. Куәгерлер құтқару сәтін видеоға түсіріп алған.

Жаралы құс мамандардың бақылауында

Қазір аққу Петропавлдағы ботаникалық бақта. Мамандар құстың жағдайын бақылап, сауығып кетуіне қажетті күтім жасап жатыр.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button