Жаңалықтар

Өзбекстанға шетелдік паспортсыз кіруге рұқсат берілуі мүмкін

Қазақстан мен Өзбекстан азаматтарына шекарадан жеке куәлікпен өтуге рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне сүйеніп, Tizgin.kz хабарлайды.

Бұл тақырып Өзбекстан сыртқы істер министрінің орынбасары Олимжон Абдуллаев пен Қазақстанның елшісі Ералы Тоғжановтың кездесуінде көтерілді. Өзбекстан тарабы Қазақстанға келетін азаматтар үшін электрондық кіру рұқсатын рәсімдеу тәртібін жеңілдетуді ұсынды.

Дипломаттар Қазақстанда еңбек ететін Өзбекстан азаматтарының құқығын қорғау және жұмыспен қамту мәселелерін талқылады.

Бұл бастама бұған дейін де көтерілген

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекарадан жеке куәлікпен өту мәселесі бірнеше жылдан бері талқыланып келеді.
2024 жылдың тамызында Өзбекстан президентінің арнайы өкілі Абдулазиз Камилов екі ел азаматтарының шекарадан өту тәртібін жеңілдету туралы ұсыныс айтқан болатын.

Шешім қабылданғанға дейін екі ел арасындағы шекарадан өту талабы өзгеріссіз қалады.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button