TOP-2Жаңалықтар

Суреттен тұсаукесерге дейін: Роналдиньо қазақстандық сәбидің тұсауын кесті

Бразилиялық футболшы Роналдиньо Біріккен Араб Әмірліктерінде қазақстандық баланың тұсауын кесті. Бұған дейін бүлдіршін әкесі алдына жайып қойған фотолардың арасынан футболшының суретін таңдаған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Сәби кімді таңдады

Әкесі ұлының алдына белгілі саясаткерлердің, кәсіпкерлер мен спортшылардың фотосуреттерін жайып қойған. Олардың арасында Қасым-Жомарт Тоқаев, Дональд Трамп, Илон Маск, Майк Тайсон, Геннадий Головкин және Лионель Мессидің де суреттері болған. Бүлдіршін көп суреттің ішінен Роналдиньоның фотосын алған.

Тұсаукесер Әмірліктерде өтті

Кейін баланың отбасы Біріккен Араб Әмірліктеріне барып, бразилиялық футболшымен кездескен. Сол жерде Роналдиньо қазақтың тұсаукесер дәстүріне қатысып, сәбидің тұсауын өз қолымен кескен.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button