TOP-1Білім

Психологтар мен арнайы педагогтардың жалақысын көбейту керек – Аймағамбетов

Құрылтайдың Үкімет сағатында бүгін балалардың құқықтарын қорғау, қауіпсіздігін сақтау және жан-жақты дамуына жағдай жасау мәселесі талқыланып жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Отырыста депутат Асхат Аймағамбетов қазір мектеп психологтары мен арнайы педагогтарға жұмыс жүктемесі көп түсіп жатқанын, сол үшін олардың айлығын көтеру керек деген мәселе көтерді.

“Барлық өңірде балалардың құқықтарын қорғау басқармалары құрылды. Бұл, әрине, өте үлкен жетістік. Дегенмен норматив бойынша қосымша қорғаншылық мамандары әлі де жетіспейді. Психологтар, әлеуметтік және арнайы педагогтар бойынша жағдай одан да күрделі. Арнайы педагогтардың тапшылығы әлі де шешілмеді. Мұндағы басты фактор – жалақы. Психологтар мен арнайы педагогтардың жалақысы төмен, ал жүктемесі артып келеді. Лайықты жалақы мен үстемақы болмаса, әсіресе шалғай өңірлерге маман тарту өте қиын. Сол себепті осы мәселені шешу керек”, – деді Аймағамбетов.

Отырыс жалғасып жатыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Back to top button