$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Без рубрики

Тоқаев Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысын ауыстырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Әділ Сүбебаев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Tizgin.kz Ақордаға сілтеме жасап.

“Мемлекет басшысының өкімімен Әділ Мәлікұлы Сүбебаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды”, – делінген Ақорда ақпаратында.

Осы қызметті бұған дейін атқарған Қайрат Дәуітов Президент өкімімен лауазымынан босатылды.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button