TOP-2Жаңалықтар

Табысын өтірік етіп көрсетіп декреттік ақша алғандар оны кері қайтарады

Бұл бағытта 38 іс қозғалып, 9-ына сот үкімі шығып қойған.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев бала тапқан әйелдерге декреттік ақшасын көп етіп алуға көмектескен «көмектескіштер» сотталып жатқанын айтты, деп хабардайды Tizgin.kz.

«Көмектескіштер» әр әйелге кәсіпкерлік есепшотын ашып, оған ақша салып, жалақысы көп сияқты етіп көрсетеді. Біз ондай схемаларды жоямыз, ары қарай олай болдырмаймыз. Кім сол схеманы жасады — сол жауапкершілікке тартылады», – деді министр Асқарбек Ертаев.

Министрдің айтуынша, әйелдер декреттік ақшасын көп етіп өтірік көрсетіп, ақшаны алғаны анықталып, сот шешімі шықса — ол ақшаны кері қайтаруға тура келеді.

Back to top button