$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЖаңалықтарТергеу

Астанада аурухана қызметкері науқастың алтын әшекейлерін ұрлап, ломбардқа өткізген

Науқастың алтын әшекейлері жоғалып кеткен.

Астанада полиция медициналық мекемеде ем қабылдап жатқан әйелдің алтын әшекейлерін ұрлады деген күдікпен 22 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

polisia.kz мәліметінше, әйел ауруханаға түскенде алтын сырғасы мен мойнында алтын алқасы болған. Кейін туыстары әшекейлердің жоғалып кеткенін байқап, полицияға хабарлаған.

Күдікті – бұрынғы аурухана қызметкері

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол медициналық мекеменің бұрынғы қызметкері болып шыққан.

Ұрланған әшекейлер ломбардқа өткізілген

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам ұрланған алтын сырға мен алқаны ломбардқа тапсырған. Полиция әшекейлерді заттай айғақ ретінде тәркілеп алды.

Қылмыстық іс қозғалды

Аталған дерек бойынша ұрлық фактісімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button