Жаңалықтар

Айбек Сыдықов Президент Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды

Айбек Сыдықов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Жаңа тағайындау туралы ақпарат бүгін, 23 қарашада жарияланды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Жексеналыұлы Сыдықов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды», – деп жазылған Ақорданың ресми хабарламасында.

Айбек Сыдықов туралы не белгілі

Айбек Сыдықов 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласы тарихы музейінде экскурсия жетекшісі болып бастаған.

2007–2015 жылдары Алматы қаласы тарихы музейінде ғылыми қызметкер, директордың орынбасары және директор қызметтерін атқарды.

2015–2016 жылдары Алматы қаласы музейлер бірлестігін басқарды.

2016–2022 жылдар аралығында «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейінде музей бөлімінің басшысы және директордың орынбасары болып жұмыс істеді.

2022–2025 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының орынбасары қызметін атқарды.

Бұған дейін қандай қызмет атқарды

2025 жылдың қаңтарында Айбек Сыдықов Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалған болатын. Енді Мемлекет басшысының өкімімен Президент Іс басқарушысының орынбасары қызметіне кіріседі.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button