«Ұятты желеу етуді доғару керек»: Наташа Қалымбетова полицияға жүгінді

Осыдан 32 жыл бұрын жыныстық зорлыққа ұшыраған Наташа Қалымбетова полицияға қайта үндеу жасап, өз ісін қайта тергеуді сұрады. Сондай-ақ ол жыныстық қылмыстарға қатысты ескіру мерзімін қайта қарау қажет екенін айтты. Бұл туралы Tizgin.kz хабарлайды.
«Менің жағдайымнан кейін заң өзгереді деп үміттенемін»
Наташа Қалымбетова әлеуметтік желіде жариялаған үндеуінде көп жыл бойы іздеген қызын тапқанын айтып, енді өзіне қатысты қылмыстық істің әділ тергелуін талап етті.
Оның пікірінше, жыныстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстарды тергеуге қанша уақыт өткені кедергі болмауы керек.
«Әдетте Қазақстанда балалар өздерінің биологиялық ата-аналарын іздейді. Ал мен қызымды өзім іздеп, өз күшіммен таптым. Енді Қазақстан полициясынан менің ісімді қолға алуды сұраймын. Заңды өзгерту керек», – деді ол.
Ол қоғамдағы «ұят» түсінігіне де тоқталды. Әйелдің айтуынша, көп жағдайда жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жандар жұрттың сөзінен қорқып, басынан өткен жағдайды жасыруға мәжбүр болады.
«Менің оқиғам Қазақстанда «ұят» деп жасырын қалған басқа жағдайларды тоқтатуға себеп болады деп үміттенемін», – деді ол.
Қызымен қауышқан ана
Таяуда Қалымбетова қызын іздеп тапқанын хабарлады. Анасы мен қызының туыстық байланысын анықтау үшін ДНҚ сараптамасы жүргізілген.
Енді ол өз ісіне құқықтық баға беріліп, кінәлілердің жауапқа тартылғанын қалайды. Сонымен қатар жыныстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстардың ескіру мерзімін қайта қарауды ұсынып отыр. Айта кетейік, аталған қылмыс бойынша ескіру мерзімінің қолданылуы қылмыстың саралануына, жасалған уақытына және сол кезеңде күшінде болған заңнамаға байланысты анықталады.
Құқық қорғау органдары Наташа Қалымбетованың жаңа үндеуіне қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.