Қазақстанда емхана қызметкерлеріне қосымша ақы төленетін болды
Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген жаңа бұйрық жобасында емханаларды қаржыландыру тәртібін қайта қарау, медицина қызметкерлерін ынталандыру, сондай-ақ жұмыс сапасына сәйкес үстемеақы беру көзделді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Төлем қашан жүргізіледі
Мәлім болғандай, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі) мен МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесі аясында емхана қызметкерлеріне қосымша ақы төленбек.
Жоба мазмұны қандай
Аталған құжат келер жылдың 1 қаңтарында заңға енетін өзгерістерге сәйкес, емханалар мен алғашқы медициналық көмекті ақшамен қамту жүйесін жақсартуға бағытталған.
«Жобада емхана қызметкерлеріне үстемеақы төлеу тартібін реттеу, сақтандырылмағандар мен скринингке жататындарға төленетін ақшаны есептеуді нақтылап, жұмысын сапалы атқарған емханаларды қосымша ақшамен ынталандыру ұсынылды», – делінген мәліметте.
Айта кетер жайт, 29 қазан күні Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова емханалардағы қызметкерлерге сараланған қосымша ақы енгізу жоспары туралы хабарлаған еді.