ЖаңалықтарҚоғам

Ғылым саласында аудит жүргізілген соң кімдер қызметін босатты

Жоғары аудиторлық палата ғылым саласына бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуы бойынша жүргізілген аудиттен соң кімдер қызметінен босатылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қалған қаражат қашан қайтарылады

Жоғары аудиторлық палата мүшесі Нұрлан Нұржановтың сөзінше,
жүргізген аудит барысында 51 млрд теңгенің қаржылық заң бұзу дерегі анықталды.

«Оның 37,7 млрд теңгесі аудит кезінде қалпына келтірілді. Қалған бөлігін келер жылдың бірінші тоқсанында қайтару жоспарланып отыр», – деді ол.

Оның сөзінше, аудит қорытындысында екі адам тәртіптік жауапкершілікке тартылып, төрт лауазымды тұлға қызметімен қош айтысты. Тағы 32 адамға қатысты әкімшілік жауапкершілік шаралары қаралған.

Үш материал құқық қорғау органдарына жолданды

Одан бөлек, аудит материалдары ішінде үшеуі процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданған.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қызметінен босатылғандар арасында ғылым комитетінің төрағасы, ұлттық сараптама және ғылыми-техникалық ақпарат орталығының басшысы мен ғылым қорының жетекшісі бар екенін алға тартты.

 

Back to top button