
ҰҚК сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы деректі фильм жариялады. Онда Өскемен қаласының бұрынғы әкімі әрі Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болған Жақсылық Омардың ісіне тоқталды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
«Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты қылмыстық іс тергелді. Іс материалдарына сәйкес, оның алаяқтық және ақша бопсалау пара алу фактілері әшкереленді. Бұл іс заң алдында барлығының дәлелдейтін маңызды қағидат», – дейді ҰҚК баспасөз қызметі бастығының орынбасары Майгүл Айнабекова.
ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің жедел бөлімше бастығы 2025 жылдың соңында ШҚО бойынша ҰҚК департаментінің жедел қызметкерлері Жақсылық Омардың өзіне бағынышты қызметкерлер мен ведомстволық ұйымдардан тұрақты түрде ақша талап етіп жүргені туралы жедел ақпарат алынғанын айтты.
«Ақша талап етілген адамдар тобы анықталды. Ол қызметкерлерге мансап жолында өсуге көмектесетінін айтып, ал ақша беруден бас тартқан жағдайда жұмыстан шығаратынын немесе лауазымын төмендететінін ескерткен. Бұл адамдардың барлығы Жақсылық Омар қала әкімі болған кезеңде оның қарамағында жұмыс істеген. 2026 жылы 4 ақпанда Жақсылық Омардың ақша алу схемасын құжаттау және түсіну мақсатында ақшаның бір бөлігі берілді. Тінту іс-шаралары барысында Өскемен қаласындағы оның жеке тұрғын үйінен ақша қаражаты тәркіленді. Тергеу кезінде, адвокаттың қатысуымен өткен алғашқы жауап алу барысында Жақсылық Омар кінәсін мойындады. Тергеу барысында қосымша факт анықталып, ол да ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі бойынша (лауазымды тұлғаның алаяқтық әрекеттері) іс материалдарына қоса есепке тіркелді. 2026 жылы 1 сәуірде сот шешімімен Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды», – дейді ол.
Жыл басында телеграм-арналарда Жақсылық Омардың ұсталғаны жөнінде ақпарат тараған. Облыс әкімдігі әуелі оның ұсталғанын растамай, денсаулығына байланысты уақытша еңбек демалысын алғанын хабарлаған еді. Арада бірнеше күн өткеннен кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жақсылық Омардың ұсталғанын растады. Сотта ол өзіне тағылған айыптарды мойындаған.
Ұсталғанға дейін Жақсылық Омар Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған. Оның алдында алты жыл бойы Өскемен қаласының әкімі қызметінде болды. Сот үкімімен ол алты жылға сотталды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram