Архивы үкім - Tizgin kz

Ақтөбеде танымал дәрігер 53 млн теңге жымқырғаны үшін сотталды
Ақтөбеде қалалық №3 емхананың бұрынғы бас дәрігері, 40 жылдан астам уақытын медицина саласына арнаған Жәнібек Нармұхамедовке сот үкімі шықты. Ол Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан (ӘМСҚ) 53 миллион теңгеден астам қаражат жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот дәрігерді бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Tizgin.kz «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

DamuMed жүйесіне жалған мәлімет енгізіп, 53 млн теңге алған

Іс материалдарына сәйкес, Жанвек Нармұхамедов «Медина Клиник» медициналық мекемесінің де иесі болған. Клиника кепілдік берілген тегін медициналық көмек көлемі аясында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржы алып отырған. Айыптау нұсқасы бойынша, дәрігер медициналық мекемені туысының сенімгерлік басқаруына берген. Кейін ол туысы мен клиника директорына қатысты жағдайды пайдаланып, басқа медициналық ұйымдардан жолдама арқылы келген пациенттер туралы ақпаратты зерделеген.

Тергеу дерегіне сәйкес, Нармұхамедов осы мәліметтерді пайдаланып, қордан ақша алудың заңсыз схемасын ұйымдастырған. Ол DamuMed ақпараттық жүйесіне көрсетілген медициналық қызметтер туралы жалған мәліметтер енгізген. Соның негізінде қор клиникаға тиісті төлемдерді аударып отырған. Тергеу мәліметтері бойынша, осы әрекеттердің нәтижесінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 53 миллион теңгеден астам залал келтірілген. Айыпталушы бұл қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Дәрігер кінәсін мойындап, шығынды толық өтеген

Сотта Жәнібек Нармұхамедов кінәсін мойындап, мемлекетке келтірілген залалды толық өтеген. Осыдан кейін ол прокуратурамен процестік келісім жасасқан.

Сот оны бес жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарып, жазаны шартты деп белгіледі. Әзірге үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, Ақтөбе тұрғындары Нармұхамедовті медицина саласында 40 жылдан астам еңбек еткен тәжірибелі маман ретінде таниды. Ол қалалық №3 емхананы 14 жыл басқарған. Бас дәрігер қызметінде жүрген кезінде емхана базасында көз микрохирургиясының амбулаториялық орталығын ашқан.

Сондай-ақ пандемия кезінде ауруханаларда орын тапшылығы туындаған шақта емхана базасында стационар ашу туралы шешім қабылдаған. Еңбегі үшін «Құрмет» орденімен марапатталған.

Сообщение Ақтөбеде танымал дәрігер 53 млн теңге жымқырғаны үшін сотталды появились сначала на Tizgin kz.

Ақтөбеде ауылдастарын жиһадқа шақырған ер адам сотталып кетті
Ақтөбеде айналасындағы адамдарға жиһадқа қатысуды діни міндет ретінде түсіндіріп, терроризмді насихаттаған ер адам 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сот отырысында ол кінәсін толық мойындаған, деп жазады Tizgin.kz.

Сотта қандай айып тағылды

Сотта жарияланған айыптау актісіне сәйкес, ер адам радикалды діни идеологияның ықпалында болып, өз көзқарасын өзгелерге таратуға тырысқан. Іс материалдарында оның 2026 жылы 11 наурызда айналасындағы адамдарға жиһадқа қатысуды діни міндет ретінде түсіндіргені айтылған. Сондай-ақ ол жиһадты намаздан жоғары қойған. Айыптау тарапы бұл сөздерді терроризмді насихаттауға бағытталған әрекет деп бағалаған.

Сотталушы кінәсін мойындады

Сот отырысында ер адам өз кінәсін толық мойындаған. Ол жиһад туралы бұрын оқыған діни әдебиеттерінен білгенін айтқан. Сот оны терроризмді насихаттағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сообщение Ақтөбеде ауылдастарын жиһадқа шақырған ер адам сотталып кетті появились сначала на Tizgin kz.

Нұрай ісі бойынша апелляция шешімі шықты
Бұл туралы Нұрай Серікбайдың ағасы қарындасының ісі бойынша апелляция шешімі шыққан соң айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Шағымдары қанаттандырылмады»

Ағасы Сұлтан Серікбайдың сөзінше, сот бірнеше процестен тұрады деп ойлаған.

Жоқ, шешімді бір сағат ішінде қабылдады. Сағат 12:30-да кірдік, қазір сағат 13:00 болды. Яғни, сот шешімі алдыңғы сот шешімі үкімін өзгеріссіз қалдырды. Аппеляциялық шағым да қанағаттандырылмады. Оның авторлары сотталушының адвокаттары Абдиев пен Құрмамбаевтың шағымдары қанағаттандырылмады, – деді ол.

Нұрай ісі

Еске салсақ, 11 қаңтар күні Шымкент қаласының тұрғыны Нұрай Серікбай көптеген пышақ жарақатынан көз жұмды. Қылмысқа дейін күдіктінің оған қоқан-лоқы көрсетіп, соңына түскені хабарланған. 16 қаңтарда Ішкі істер министрлігі қалалық полиция департаментінде қызметтік тексеру басталғанын мәлімдеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та құқық қорғау органдарының әрекеттерін тексеруді тапсырды. Осыдан кейін Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы жұмысынан босатылып, бірқатар қызметкерге салғырттық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Нұрайды өлтірді деген күдікті бірнеше күн қашып жүріп, ұсталған. Күдіктіге үш айып тағылған. Бұған дейін Нұрай Серікбайдың туыстары 10 миллиард теңге моральдық өтемақы талап еткен еді.

Прокурор соттан Шерхан Аймаханды өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраған. Сот шешімімен Нұрай Серікбайды пышақтап өлтірген Шерхан Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, Нұрайдың ісі бойынша сотталған Аймахан Шерханның қорғаушылары тарапынан апелляциялық шағым түсірілді.

Сообщение Нұрай ісі бойынша апелляция шешімі шықты появились сначала на Tizgin kz.

Әділетхан Молдаханның ісі бойынша апелляция шешімі шықты
Заңгер Әділетхан Молдаханға қатысты апелляциялық сот отырысы өтті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды. Осылайша, Әділетхан Молдаханға тағайындалған 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы күшінде қалды.

Әділетхан Молдахан не үшін сотталды

Айта кетейік, наурыз айының соңында әлеуметтік желілерде бұған дейін блогердің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Алматы қалалық полиция департаменті бұл мәліметті растады. Кейінірек Әділетхан Молдаханның адвокаты Нұртуған Өмірзақ журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында қорғауындағы заңгер қамауда қалай отырғанын айтып берді.

Осыдан бір аптаға жуық уақыт бұрын жол-көлік апаты туралы әлеуметтік желіде пікір жариялаған соң 10 күнге абақтыға жабылған блогер әрі заңгер Әділетхан Молдаханның қамау мерзімі тағы 2 айға ұзартылған болатын. Бұған дейінгі сотта оған тағылған айыпты прокурор қайта саралау туралы өтініш білдірген.

Әділетхан Молдахан – азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерге маманданған заңгер. Оның Instagram парақшасына бір миллионнан астам қолданушы жазылған. Ол Алматыда үш кісінің өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасын терең талдап, видео түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған еді. Сол үшін қоғамның қолдауына ие болған.

Сообщение Әділетхан Молдаханның ісі бойынша апелляция шешімі шықты появились сначала на Tizgin kz.

Гаага соты Косово экс-президентіне үкім шығарды
Гаагадағы арнайы трибунал Косовоның бұрынғы президенті Хашим Тачиді соғыс қылмыстары үшін 25 жылға бас бостандығынан айырды. Сот оның 96 саяси кісі өлтіруге және өзге де ауыр қылмыстарға жауапты екені дәлелденген деп таныды, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы DW басылымына сілтеме жасап.

Үкім 16 қыркүйекте жарияланды. 58 жастағы бұрынғы мемлекет басшысы адамдарды заңсыз ұстау, азаптау, өлтіру және оларға қатыгездік көрсету қылмыстары бойынша кінәлі деп танылды.

Айыптау тарапы 45 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған

Прокуратура Хашим Тачи мен онымен бірге сотқа тартылған Косовоны азат ету армиясының бұрынғы үш қолбасшысын 45 жылдан бас бостандығынан айыруды сұраған. Оларға Косоводағы соғыс кезінде жасалған соғыс қылмыстары мен адамзатқа қарсы қылмыстар бойынша айып тағылған. Айыпталушылардың ешқайсысы кінәсін мойындаған жоқ. 2023 жылы басталған сот тыңдауларында 300-ге жуық куәгер жауап берген. Істі қарауға 155 жәбірленуші қатысқан.

Тачи алғаш рет 2020 жылы Гаагадағы арнайы трибунал алдына келді. Оған тағылған айыптар Косовоның Сербиядан тәуелсіздік алу жолындағы 1998-1999 жылдардағы соғыс кезеңіне қатысты.

Сол жылдары Косовоны азат ету армиясының әрекеттерінен жүздеген адам зардап шеккен. Олардың арасында косоволық албандар, сербтер, сығандар мен өзге ұлт өкілдері, сондай-ақ айыпталушылардың саяси қарсыластары болған.

Тачи президенттікке қалай келді

Хашим Тачи – Косовоны азат ету армиясын құрғандардың бірі. Ол 2000-2016 жылдары осы ұйымның бұрынғы саяси қанаты болған Косово демократиялық партиясын басқарды. 2008-2014 жылдары премьер-министр қызметін атқарды. Кейін сыртқы істер министрлігін басқарып, 2016 жылдың басында Косово президенті болып сайланды.

2020 жылы қарашада Гаагада өзіне айып тағылғаннан кейін Тачи президенттік қызметінен кетті. Кейін қамауға алынып, сотқа берілді. Косоводағы соғыстан 10 мыңнан астам адам қаза тапқан. DW мәліметінше, тағы 1641 адам әлі күнге дейін хабарсыз кеткендер қатарында.

Қарулы қақтығыс НАТО-ның Сербияға қарсы 78 күнге созылған әуе соққыларынан кейін аяқталды. Косово 2008 жылы тәуелсіздігін біржақты жариялады. Алайда Сербия оны мойындамайды және Ресей мен Қытайдың қолдауымен Косовоның толық халықаралық мойындалуына қарсы болып келеді.

Сообщение Гаага соты Косово экс-президентіне үкім шығарды появились сначала на Tizgin kz.

144 млрд теңге жымқырды деп сотталған Жомарт Ертаев алты жылдан соң түрмеден шықты
Bank RBK-дан 144 млрд теңге жымқыру ісі бойынша сотталған бұрынғы банкир Жомарт Ертаевтың бостандыққа шыққаны туралы ақпарат тарады. Журналист Михаил Козачков оның жаза мерзімі аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Михаил Козачков 16 қыркүйекте Telegram-арнасында Ертаевтың қамау мерзімі аяқталғанын жазды.

«Бұрынғы банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шығып жатыр – бүгін оның қамау мерзімі аяқталды», – деп хабарлады журналист.

Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен Tizgin.kz осы ақпарат жайлы түсініктеме сұраған. Материал жарияланғанша жауап келген жоқ.

Ертаевтың босатылатыны туралы бұған дейін де хабар тараған. 2025 жылы 3 қыркүйекте оны бостандыққа шығару жөнінде шешім қабылданғаны айтылып, кейін түрмеден шыққаны туралы ақпарат жарияланды. Алайда сол жылғы 1 қазанда Мәжіліс депутаты Абзал Құспан банкирді босату туралы шешімнің күші жойылғанын мәлімдеді. 2 қазанда Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Ертаевтың қамауда отырғанын хабарлады.

Жомарт Ертаев не үшін сотталды

2020 жылы 16 қарашада сот Жомарт Ертаевты Bank RBK-дан 144 млрд теңге жымқыру ісі бойынша кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен бірге мүлкін тәркілеу және 10 жыл бойы банк қызметімен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Осы іс бойынша кәсіпкер Бақыт Ибрагим де мүлкі тәркіленіп, сегіз жылға сотталды.

2021 жылы 14 мамырда Ертаевтың, Ибрагимнің және іс бойынша бірқатар өзге сотталған адамның жазасы жеңілдетілді. Дегенмен Ертаев пен Ибрагим қамауда қалды.

2022 жылғы 17 маусымда Ертаевтың тағы бір қылмыстық іске қатысы бар деген ақпарат жарияланған еді.

Сообщение 144 млрд теңге жымқырды деп сотталған Жомарт Ертаев алты жылдан соң түрмеден шықты появились сначала на Tizgin kz.

«Ахуал Сегодня» YouTube-арнасының авторы Азамат Омаров сот залынан босатылды
«Ахуал Сегодня» YouTube-арнасының авторы Азамат Омаров 3,5 жылға шартты түрде сотталып, сот залынан босатылды. Оған бес жыл бойы жарияланым жасауға да тыйым салынды. Бұл туралы құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаның Facebook-тегі хабарламасына сілтеме жасап Tizgin.kz хабарлайды.

Процестік келісім бойынша босатылды

Құқық қорғаушының мәліметінше, Омаров процестік келісім бойынша сот залынан босатылған. Оған тағайындалған шартты жазаның мерзімі – үш жыл алты ай. Бұған қоса, бес жылға жарияланым жасауға тыйым салынған. Алайда берілген ақпаратта бұл шектеудің нақты қандай платформалар мен жарияланым түрлеріне қатысты екені нақтыланбаған.

Адвокат сот қаулысы туралы не айтты

Азамат Омаров 18 шілдеде екі айға қамауға алынған еді. Оған қылмыстық кодекстің әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру туралы 174-бабы бойынша күдік келтірілген. Бұл мәліметті сол кезде оның адвокаты да растаған.

Сообщение «Ахуал Сегодня» YouTube-арнасының авторы Азамат Омаров сот залынан босатылды появились сначала на Tizgin kz.

Алматы – Қорғас тасжолында төрт адамның өліміне себепкер болған жүргізуші сотталды
Алматы облысында төрт адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апатына қатысты істің үкімі шықты. Haval M6 көлігінің жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылып, өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Мас жүргізуші қарсы жолаққа шыққан

Сот материалдарына сәйкес, Haval M6 көлігінің жүргізушісі алкогольдік масаң күйде Алматы – Қорғас тасжолымен келе жатып, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шыққан. Салдарынан оның көлігі Audi автокөлігімен соқтығысқан.

Жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты. Олардың арасында ерлі-зайыпты мен олардың үлкен қызы бар. Бұдан бөлек, бірнеше адам түрлі дене жарақатын алған.

Сот жүргізушіні мас күйінде көлік басқарып, абайсызда бірнеше адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасына кінәлі деп таныды.

31 млн теңгеге жуық өтемақы төлейді

Сот үкімімен Haval M6 жүргізушісі заңда көзделген ең жоғары жазаға – 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Бұған қоса, сотталған адамнан жәбірленушілердің пайдасына моральдық өтемақы мен келтірілген материалдық шығын ретінде 31 млн теңгеге жуық қаражат өндіру туралы шешім қабылданды.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Сообщение Алматы – Қорғас тасжолында төрт адамның өліміне себепкер болған жүргізуші сотталды появились сначала на Tizgin kz.

Мал сатамыз деп алдаған: Жамбыл облысында қарулы қарақшыларға үкім шықты
Жамбыл облысында жалған хабарландыру арқылы үш адамды алдап шақырып, олардың 13 млн теңгесін қарумен тартып алған үш тұрғынға үкім шықты. Сот оларды қарулы қарақшылық жасағаны, сондай-ақ қаруды заңсыз сақтап, алып жүргені үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Мал сататыны туралы жалған хабарландыру берген

Іс материалдарына сәйкес, сотталушылар мессенджерге малды шұғыл сататыны туралы жалған хабарландыру орналастырып, нақты мекенжай көрсеткен. Хабарландыруға сенген үш адам көрсетілген жерге барған. Айыпталушылар оларды Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданында қаруымен қарсы алған. Шабуыл кезінде жәбірленушілердің бірі жеңіл жарақат алған.

«Сотталушылар жәбірленушілердің 13 млн теңгесін иемденіп, олардың бірінің денсаулығына жеңіл зиян келтірген. Осыдан кейін оқиға орнынан қашып кеткен», – делінген сот хабарламасында.

Қылмысты ұйымдастырушы 12 жылға сотталды

Сот отырысында прокурор айыпталушыларға 10 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Ал жәбірленушілер шабуыл жасағандарды кешіріп, жаза мәселесін соттың қарауына қалдырған. Олар азаматтық талап арыз бермеген.

Үш сотталушының екеуі кінәсін ішінара мойындады. Сот бұл жайтты жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді. Ал қылмысты ұйымдастырған үшінші айыпталушы кінәсін мойындамаған. Оның бұрын сотталғаны жазаны ауырлататын мән-жай деп танылды.

Сот қылмысты ұйымдастырушыны 12 жылға бас бостандығынан айырды. Қалған екі сотталушы 11 және 10 жылға сотталды.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Сообщение Мал сатамыз деп алдаған: Жамбыл облысында қарулы қарақшыларға үкім шықты появились сначала на Tizgin kz.

ШҚО-да 70 мың тонна кен заңсыз өндірілген: «AK Metal» ЖШС басшысы сотталды
Шығыс Қазақстан облысында «AK Metal» ЖШС басшысы Д.К. Бектеміров заңсыз кен өндіргені үшін бір жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оның құны 1 млрд теңгеден асатын мүлкін мемлекет кірісіне тәркілеу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Барлауға берілген лицензиямен кен өндірген

Тергеу мәліметінше, компанияға берілген лицензия тек қатты пайдалы қазбаларды барлауға рұқсат еткен. Алайда кәсіпорын зертханалық және технологиялық зерттеу жүргізуді желеу етіп, темір кені мен темір кені концентратын өнеркәсіптік көлемде өндірген. Кейін өнім Қазақстан аумағында және шетелде сатылған. Жалпы көлемі 70 мың тоннадан асатын кен заңсыз өндіріліп, оны сатудан түскен қылмыстық табыс 1 млрд теңгеден асқан.

Заңсыз кен өндіру қоршаған ортаға да зиян келтірген. Жұмыс жүргізілген аумақта топырақ жамылғысы бүлініп, жердің табиғи бедері мен ландшафты өзгерген. Тау-кен қазбалары мен үйінділер пайда болып, аумаққа елеулі техногендік әсер тиген.

Қымбат көлік, пәтер мен жер телімдері тәркіленді

Тергеу дерегіне сәйкес, сотталған адам заңсыз жолмен тапқан қаражатына бірқатар қымбат актив сатып алған. Олардың қатарында Land Rover автокөлігі, бес бөлмелі пәтер, үш коммерциялық үй-жай және екі тұрақ орны бар. Сонымен қатар Алматы қаласы мен Алматы облысындағы екі жер телімі де мемлекет кірісіне тәркіленді. Тәркіленген мүліктің жалпы құны 1 млрд теңгеден асады.

Сот Д.К. Бектемировты бір жылға бас бостандығынан айырды. Әзірге үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сообщение ШҚО-да 70 мың тонна кен заңсыз өндірілген: «AK Metal» ЖШС басшысы сотталды появились сначала на Tizgin kz.