Нұрай ісі бойынша апелляция шешімі шықты
Бұл туралы Нұрай Серікбайдың ағасы қарындасының ісі бойынша апелляция шешімі шыққан соң айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
«Шағымдары қанаттандырылмады»
Ағасы Сұлтан Серікбайдың сөзінше, сот бірнеше процестен тұрады деп ойлаған.
Жоқ, шешімді бір сағат ішінде қабылдады. Сағат 12:30-да кірдік, қазір сағат 13:00 болды. Яғни, сот шешімі алдыңғы сот шешімі үкімін өзгеріссіз қалдырды. Аппеляциялық шағым да қанағаттандырылмады. Оның авторлары сотталушының адвокаттары Абдиев пен Құрмамбаевтың шағымдары қанағаттандырылмады, – деді ол.
Нұрай ісі
Еске салсақ, 11 қаңтар күні Шымкент қаласының тұрғыны Нұрай Серікбай көптеген пышақ жарақатынан көз жұмды. Қылмысқа дейін күдіктінің оған қоқан-лоқы көрсетіп, соңына түскені хабарланған. 16 қаңтарда Ішкі істер министрлігі қалалық полиция департаментінде қызметтік тексеру басталғанын мәлімдеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та құқық қорғау органдарының әрекеттерін тексеруді тапсырды. Осыдан кейін Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы жұмысынан босатылып, бірқатар қызметкерге салғырттық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Нұрайды өлтірді деген күдікті бірнеше күн қашып жүріп, ұсталған. Күдіктіге үш айып тағылған. Бұған дейін Нұрай Серікбайдың туыстары 10 миллиард теңге моральдық өтемақы талап еткен еді.
Прокурор соттан Шерхан Аймаханды өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраған. Сот шешімімен Нұрай Серікбайды пышақтап өлтірген Шерхан Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ, Нұрайдың ісі бойынша сотталған Аймахан Шерханның қорғаушылары тарапынан апелляциялық шағым түсірілді.